18.07.2014, 19:14 5378

Инновациялық бизнес жоспар байқауына қатысуға 250-ден астам өтініш түсті

Республикалық "NIF$50K" инновациялық бизнес жоспарлар байқауына қатысу үшін "Инновациялық автобусқа" 250-ден астам өтініш түсті.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Республикалық "NIF$50K" инновациялық бизнес жоспарлар байқауына қатысу үшін "Инновациялық автобусқа" 250-ден астам өтініш түсті.

"Байқау басынан бері біз 270 өтініш жинадық. Жоспар бойынша ай соңына дейін тағы 400 өтініш қабылданады. Өткен жылмен салыстырғанда өңірде инновациялық белсенділік байқалады. Инноваторлар, кәсіпкерлер саны да артып келеді. Нақты сұрақтар қойып, үлкен қызығушылыққа ие", - дейді "ҰТРА" АҚ инновациялық белсенділікті ынталандыру орталығы директоры Бауыржан Айтілеу.

Өңірлердегі бастауыш кәсіпкерлер, бизнес тренерлері кәсіпкерлік негіздерін игеріп, бизнес жұымстарды коммерциялау әдістерін үйренді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, инноваторлармен кездесу деңгейі өткен уақыттармен салыстырғанда айтарлықтай даму үстінде. Исіресе Атырау, Орал, Талдықорған, Ақтөбе, Павлодар қаласы өнертапқыштары үлкен белсенділікке ие.

Байқау шарты бойынша өтініш биылғы жылдың 1 тамызына дейін қабылданады. Байқау қорытындысы қыркүйекте өткізілмек.

Арнайы құрылған өңірлік сарапшылар комиссиясы 15 үздік жобаны іріктеп алып, олардың авторларына республикалық байқаудың ақырғы турына шақырту береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 23 маусымында "Инновациялық автобус" Астанадан Қазақстанның әр өңіріне сапарға аттанды. Ондағы мақсат инновациялық жобаларды іздеу. Автобус Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Орал қалаларында болды.

Автобустың мақсаты - халыққа өткізіліп отырған байқау туралы ақпарат беру, оған қатысуға ниетті жандарды тарту.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны