22.07.2011, 15:45 3073

Инновациялық гранттарға өтініштер қабылдау бес күннен кейін аяқталады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "ҰИҚ" АҚ бәйгеге қатысу өтініштерін биылғы жылдың 28 шілдесіне дейін қабылдайды.

Астана. 22 шілде. Kazakhstan Today - Инновациялық гранттарға өтініштер қабылдау бес күннен кейін аяқталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Ұлттық инновациялық қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "ҰИҚ" АҚ бәйгеге қатысу өтініштерін биылғы жылдың 28 шілдесіне дейін қабылдайды. Гранттар ғылыми технологияларды енгізуге және пайдалануға негізделген инновацияларды дамуын ынталандыратын болады. "Қор инноваторларды инновациялық гранттарды алу бәйгесіне белсенді түрде қатысуға шақырады. Күн сайын бәйгеге дайындық және өткізу тәртібі туралы ақпарат алу үшін орталыққа 50-ден астам қоңырау келіп түседі. Былтырғы жылмен салыстыра отырып, өтініштердің басым көпшілігі соңғы аптаның ішінде келіп түседі деп күтудеміз", - деп мәлімдеді баспасөз мәслихаты барысында "ҰИҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Инуарбек Сұлтанғазин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны