01.07.2014, 20:42 3401

"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймақтарға жаңа басқару моделін енгізеді

Пилоттық АЭА жұмысының оң тәжірибесі болашақта Қазақстанның басқа АЭА-на енгізілетін болады. Бұл отандық АЭА инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды басқарудың халықаралық стандарттарының деңгейіне көтеруге мүмкіндік береді.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. ИЖТМ сингапурлық "JURONG Consultants"компаниясымен бірлесіп, арнайы экономикалық аймақтарды басқарудың жаңа моделін әзірлеуге және ендіруге кірісуде.

Жұмыстар "Инновациялық технологиялар паркі" АЭА пилоттық жоба ретінде жүргізіледі, деп ведомстводан хабарлады.

Басқарудың жаңа моделі басқару органының тиімді ұйымдастырушылық құрылымын енгізуді, ішкі бизнес-процестерді және өзара әрекеттесу рәсімдерін оңтайландыруды, жұмысты "бір терезе" қағидасы бойынша ұйымдастыруды қарастырады.

АЭА-ға инвесторларды тарту сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеріледі және нарықты егжей-тегжейлі талдауға, әлеуетті инвесторлардың мақсатты ортасын анықтауға, маркетингтік стратегия мен жоспарды әзірлеуге, "роуд-шоу" өткізуге және АЭА Басқарушы компаниясы қызметкерлерін оқытуға негізделетін болады..

Пилоттық АЭА жұмысының оң тәжірибесі болашақта Қазақстанның басқа АЭА-на енгізілетін болады. Бұл отандық АЭА инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды басқарудың халықаралық стандарттарының деңгейіне көтеруге мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны