19.05.2014, 19:20 3153

Интеграция - үдемелі индустрияландырудың басты қозғаушы күші - Р. Сұлтанов

"Интеграция біздің елдің үдемелі индустрияландыруының басты қозғаушы күші болып табылады. Жаңа салалар бой көтеріп, соның ішінде Қазақстанда бұрын-соңды жұмыс істемеген фармацевтикалық өндіріс, автомобиль құрастыру салалары қолға алына бастады", - дейді Р.Сұлтанов.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan today. Интеграция елдің үдемелі индустрияландыруының басты қозғаушы күші. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ЭБЖМ "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ бас директоры Руслан Сұлтанов мәлімдеді.

"Интеграция біздің елдің үдемелі индустрияландыруының басты қозғаушы күші болып табылады. Жаңа салалар бой көтеріп, соның ішінде Қазақстанда бұрын-соңды жұмыс істемеген фармацевтикалық өндіріс, автомобиль құрастыру салалары қолға алына бастады", - дейді Р.Сұлтанов.

Мысалға, 2013 жылы Hyundai Auto Trans Беларуське 318 дана автотехника өнімін сатып, алдыңғы жылға қарағанда экспорт көлемін 22% арттырған. 2014 жылға қойылып отырған жоспар болса жеңіл, жүк автобус көліктерінің 11 мың данасын жөнелту болып табылады.

Бірыңғай нарық аясында бәсекелестіктің артуына орай қазақстандық үкімет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың шаралары қолға алына басталды. Мемлекет пен кәсіпкрліктің бірлесе жұмыс істеуі бойынша бірқатар салалық бағдарламалар жүзеге асырылуда.

"Солардың арасында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын ерекше атап өтуге болады. Бағдарлама аясында 2014 жылы мемлекеттік қолдау шараларына 100 млрд теңге бөлініп, аталмыш қаражат өңірдегі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталмақ", - дейді Р.Сұлтанов.

"Сонымен қатар, маңызды тағы бір шара қазақстандық тауарлардың экспортын ілгерілету, бұл іспен "KAZNEX INVEST ұлттық экспорт жән инвестиция агенттігі" айналысады", - деді ол.

Оның айтуынша, ҚР үкіметі тарапынан кәсіпкерліктердегі әкімшілік кедергілер алып тастау шаралары қабылданып, Мемлекет басшысының шешімімен ШОБ тексерістеріне мораторий жарияланды. Жоғарыда аты аталған шаралар отандық кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттіліктерін арттырып, экспорт әлеуетінің өсіміне серпін бермек.

Естеріңізге сала кетейік, М.Ломоносов атындағы ММУ-де дәріс оқыған Мемлекет басшысы Кедендік одақ мемлекеттері арасындағы шекара азаматтардың еркін жүріп-тұруына жол ашып, сонымен қатар жүк пен валюта айналымын арттырды. Нәтижесінде Қазақстанның Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі әріптестерімен тауар айналымы 88% артып, 24,2 млрд долларды құрады".

"Біздің Ресей мен Беларуське экспорт көлемі 63%-ға артты. Соның ішінде өңделген тауар тасымалы 2 есе көбейді. Біз екі елдің компанияларымен бірлесіп кәсіпкерліктер құрып жатырмыз", - деді ҚР Президенті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны