11.07.2013, 13:06 5532

инвестициялар көлемі шамамен 8 %-ға артты

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі капиталға инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 8 пайызға артты, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов апта сайын өтетін баспасөз мәслихатында.

Астана. 11-шілде. Kazakhstan Today - инвестициялар көлемі шамамен 8 %-ға артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі капиталға инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 8 пайызға артты, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов апта сайын өтетін баспасөз мәслихатында.

"Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2013 жылдың қаңтар-маусымында 2281,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 7,9 %-ға артық", - деді И.Смайылов.

Бұдан өзге, статистика агенттігінің төрағасы айтып өткендей, ауыл шаруашылығының жалпы шығарылатын өнімдер (қызметтер) көлемі 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 510 млрд. теңгені құрады. Аталған сандар өткен жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 1,4 %-ға артық.

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында жүк айналымы көлемі сәл ғана өсті - 0,9 %-ға артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны