09.09.2016, 16:19 4725

Ипотекалық несие бойынша пайыздық ставка 2 есе төмендетіледі - Бишімбаев

"Қазір пайыздық ставкалар барынша жоғары болып отыр. Бізде есептеулер жүргізу қажет. Біз ипотекалық несие бойынша пайыздық ставка кемінде 2 есе төмендейтіндігіне үміт артамыз", - деді Қ.Бишімбаев.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда ипотекалық несие бойынша пайыздық ставка кемінде 2 есе төмендетіледі. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президентініӊ төрағалығымен өткен Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысынан кейінгі брифингте Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

"Қазір пайыздық ставкалар барынша жоғары болып отыр. Бізде есептеулер жүргізу қажет. Біз ипотекалық несие бойынша пайыздық ставка кемінде 2 есе төмендейтіндігіне үміт артамыз", - деді Қ.Бишімбаев.

Министрдіӊ атап өтуінше, Президент тапсырмасына сәйкес, ипотекалық несие бойынша пайыздық ставканы төмендету субсидиялау есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұған қоса, қаржы нарығынан бюджеттен тыс қаржы тарту арқылы, "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" желісі арқылы құрылыстар да жалғасады. Бұл қаражаттыӊ құнын төмендету үшін мемлекеттік қолдау тетіктері де қарастырылмақ. Соӊғы нәтижеде бұл мемлекетке арзанға түседі және негізгі қаржы салмастан тұрғын үйдіӊ қажетті көлемін салуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны