30.06.2017, 16:46 10201

Ирак компаниясы Қызылордадан қозы етін алуға ниет білдірді

Ирактыӊ ірі қалаларында орналасқан сыйымдылығы айына 7 мыӊ тоннаға дейін мұздатқыштары бар компания еттіӊ басым бөлігін АҚШ, Украина, Индия мемлекеттерінен алады екен. Енді Қазақстанмен де бұл бағытта әріптестік негізде жұмыс жасағысы келеді. "

Қызылорда. 30 маусым. Kazakhstan Today - Жақында Ирактыӊ сауда нарығындағы ет импорты жөнінен көшбасшы компаниялардыӊ бірі - "AlHasanat LTD" компаниясыныӊ басшысы Қызылорда облысына келіп, Кәсіпкерлер палатасыныӊ алаӊында аймақ кәсіпкерлерімен кездесті.

Ирактыӊ ірі қалаларында орналасқан сыйымдылығы айына 7 мыӊ тоннаға дейін мұздатқыштары бар компания еттіӊ басым бөлігін АҚШ, Украина, Индия мемлекеттерінен алады екен. Енді Қазақстанмен де бұл бағытта әріптестік негізде жұмыс жасағысы келеді. "AlHasanat LTD" компания басшысыныӊ бұл сапарында Кәсіпкерлер палатасыныӊ мамандары виза дайындауға көмек берді.

Кәсіпкерлер палатасыныӊ бөлім басшысы Жасұлан Серіков: "Бүгінде Иракта 37 млн.-ға жуық халық тұрады. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 85 млн.-ға өседі деген болжам бар. Сондықтан да бұл елде етке сұраныс аса жоғары. Мәселен, қозы етініӊ 1 келісі біздіӊ теӊгеге шаққанда орта есеппен 4500-4800 теӊгені құрайды. "Al Hasanat LTD" компаниясыныӊ басшысы өӊірге жұмыс сапарымен келгенде қозыларды тірідей және мұздатылған қозы етін алғысы келетіндіктерін жеткізді. Қойылатын талап: туғанына 12-18 айдан аспаған және сойыс салмағы 18-20 келіден аспайтын қозы еті. Кездесу барысында алдағы уақытта бірге жұмыс жасауға келісіп, Кәсіпкерлер палатасы мен "Al Hasanat LTD" компаниясы арасында меморандумға қол қойылды", - дейді.

Кәсіпкерлер палатасы алаӊында өткен кездесуден кейін ирактық кәсіпкерлер Жаӊақорған және Сырдария аудандарында болып, "Көбелдес" ШҚ, "Бахытжан" ШҚ, "Ынтымақ" ЖШС және "Абай Дәулет" шаруа қожалықтарыныӊ жұмысымен танысты,- деп хабарлайды Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны