22.05.2006, 15:43 3202

Ирандағы мұнай биржасы таяу уақыттарда ашылады – Қазақстандағы Иран елшісі

АЛМАТЫ. 22-мамыр. Kazakhstan Today. Иран Ислам Республикасындағы мұнай биржасы таяу уақыттарда ашылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Республикасындағы Иран елшісі Ромин Мехмонпараст журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Бұл мәселе алдын-ала шешілді. Тиісті құжаттар қабылданып, биржаның басшысы анықталды. Биржа көп кешікпей жұмыс істей бастайды. Барлық сауда-саттық жұмыстары евромен жүзеге асырылады”,- деді елші.

Иран мұнай биржасы Нью-Йорк, Лондон, Сингапур және Токиодан кейінгі әлемдегі мұнай сататын бесінші сауда алаңы болмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны