21.10.2011, 11:13 5111

Ырғыз-Торғай резерватының жаңа әкімшілік кешені іске қосылды

Tл үкіметі тарапынан Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының жаңа әкімшілік кешенінің құрылысына 327 млн. теңге бөлінген болатын. Ырғыз-Торғай резерваты 2007 жылы құрылып, республикамыздағы тұңғыш далалы-мемлекеттік табиғи резерватқа айналды. Резерват Ақтөбе облысында орналасқан, оның жалпы көлемі 700 мың гектардан асады. Штатында 99 қызметкер бар.

Астана. 21-қазан. Kazakhstan Today - Ырғыз-Торғай резерватының жаңа әкімшілік кешені іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ел үкіметі тарапынан Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының жаңа әкімшілік кешенінің құрылысына 327 млн. теңге бөлінген болатын. Ырғыз-Торғай резерваты 2007 жылы құрылып, республикамыздағы тұңғыш далалы-мемлекеттік табиғи резерватқа айналды. Резерват Ақтөбе облысында орналасқан, оның жалпы көлемі 700 мың гектардан асады. Штатында 99 қызметкер бар.

"Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерваты әкімшілік кешенінің құрылысын Ақтөбе қаласының "ҚазПромСтройГрупп" ЖШС жүзеге асырды. Құрылыс 2009 жылғы қыркүйекте басталып, 2011 жылдың қазан айында аяқталды. Икімшілік кешеннің алқабы 2 гектар жерді алып жатыр.

Кешен үш қабатты әкімшілік үйінен, 14 автокөлікке арналған автотұрақтан, шеберхана, қазандық үйінен, бақылау-өткізу бекетінен және инспекторлық кордоннан тұрады.

"Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерваты кешенінің әкімшілік және көмекші нысандарын енгізу өңірдің биологиялық әртүрлілігін сақтауды қамтамасыз ету жөнінде қызметкерлерге жүктелген міндеттерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Резерватты құрудың негізгі мақсаты сайын даланың символы болып табылатын киіктердің бетпақдала таралымын қорғау мен сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Жалпы алғанда киіктер санының үрдісі баяу болса да бірқалыпты өсіп келеді. Киіктердің бетпақдала таралымы 2007 жылы 22,8 мыңнан 2011 жылы 78 мыңға дейін көбейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны