08.09.2015, 17:29 4236

Ірі халықаралық қаржы компаниясы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға дайын

Дүниежүзілік банк ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне қатыспақ. Осы шешім жөнінде банк вице-президенті Илланго Патчамуту ЭКСПО-2017 Комиссары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрініӊ бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевпен кездесуі кезінде мәлімдеді

Астана. 8 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Дүниежүзілік банк ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне қатыспақ. Осы шешім жөнінде банк вице-президенті Илланго Патчамуту ЭКСПО-2017 Комиссары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрініӊ бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевпен кездесуі кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Иӊгімелесу кезінде тараптар еӊ ірі халықаралық қаржы ұйымыныӊ Қазақстанныӊ инвестициялық жобаларына қатысу мәселесін де ортаға салды.

Дүниежүзілік банк ұйымдарыныӊ тобына келесілер кіреді: Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық даму қауымдастығы, Халықаралық қаржы корпорациясы, Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көп тарапты агенттік, Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық.

АҚШ-ныӊ Үкіметі және ірі компаниялары Қазақстандағы алда келе жатқан көрмеге қатысу мәселесін талқылауда. Бұл жөнінде АҚШ энергетика министрініӊ көмекшісі Джонатан Элкайнд қазақстандық делегация өкілдеріне хабарлады. Ол "жасыл" технологияларды дамыту және энергияныӊ баламалы көздерін ендіру саласында әділ түрде әлемдік көшбасшылардыӊ бірі ретінде саналатын американдық компаниялар Астанада өз жаӊа технологияларын таныстыруға дайын деп мәлімдеді.

ЭКСПО-2017 көрмесіне Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ЮНЕСКО, ЮНИДО секілді жетекші халықаралық ұйымдар да қатысайын деп отырғанын еске саламыз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны