10.12.2011, 12:55 4064

Ірі кәсіпорындардың айналасында кәсіпкерліктің жаңа толқыны пайда болады

Қазақстан Республикасы Президентінің сапа саласындағы "Алтын сапа" сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі кезінде сөз сөйлеген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлім етті.

Астана. 10-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ірі кәсіпорындардың айналасында кәсіпкерліктің жаңа толқыны пайда болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президентінің сапа саласындағы "Алтын сапа" сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі кезінде сөз сөйлеген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлім етті.

Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстанда ірі нысандар салынып жатқанын атап көрсетті. Мысалы, Атырауда құны 6 миллиард доллар болатын газхимиялық кешені және құны 4,5 миллиард долларды құрайтын Балқаш ЖЭО.

"Мен бұл кәсіпорындардың айналасында кәсіпкерліктің жаңа толқыны пайда болады деп есептеймін. Бұл - шағын және орта бизнес, бұл - жаңа жұмыс орындарын құру. Ірі кәсіпорындардың айналасында бизнес дамуы керек. Сонда жаңа жұмыс орындары ашылатын болады", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны