22.02.2011, 16:55 3788

Ішкі қор нарығында акциялары орналастырылатын компаниялардың тізімі наурыз айында белгілі болады

Ішкі қор нарығында акциялары орналастырылатын компаниялардың тізімі 2011 жылдың наурыз айында белгілі болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 22 - ақпан. Kazakhstan Today - Ішкі қор нарығында акциялары орналастырылатын компаниялардың тізімі 2011 жылдың наурыз айында белгілі болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Наурыз айының барысында акцияларын нарықта қысқа мерзімде орналастыруға болатын барлық компаниялардың тізімін нақты анықтай аламыз деп пайымдаймын",- деді министр.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, жұмыс тобы отырысының нәтижесі бойынша бүгінде акциялардың қазіргі кездегі эмиссиясы аясында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" компаниясының акцияларын орналастыру мүмкіндігі бар. Министрдің айтуынша, акцияларды валюталық-қор нарығына шығару үшін "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының сатып алулар ережесіне түзетулер енгізу қажет. Ал осыған қажетті ережелер дайындалған және олар ертең тиісті келісу шараларына енгізілмек.

Өз кезегінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қаржы министрлігіне аталған IPO бағдарламасын іске асыру аясында халықтың қаржылық сауаттылығы тұрғысындағы мәселені қарастыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны