30.10.2009, 15:08 3139

Ішкі нарықтағы жанар-жағармай тапшылығын жою үшін жоғарыоктанды жанармайдың көтерме бағасын 80 - 85 теңгеге дейін көтеру қажет - ҚМГ ҰК

Ішкі нарықтағы жанар-жағармай тапшылығын жою үшін жоғарыоктанды жанармайдың көтерме бағасын 80 - 85 теңгеге дейін көтеру қажет - ҚМГ ҰК

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - Ішкі нарықтағы жанар-жағармай тапшылығын жою үшін жоғарыоктанды жанармайдың көтерме бағасын 80 - 85 теңгеге дейін көтеру қажет. Бұл туралы бүгін "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның мұнай өңдеу және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Данияр Тиесов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Тапшылықты жоюға объективті әсер ететін ең тиімді фактор - белгілі бір дәліздердегі баға интервенциясы. Ажиотажды төмендетіп, бағаның жоғары-төмен ауытқуын жою үшін әділетті түрде жоғарыоктанды жанармайдың көтерме бағасын көтеру қажет ", - деді Д. Тиесов.

"Мен бағаны аспандатып жіберейік деп отырған жоқпын, құнды белгілі бір дәрежеде көтеру қажет. Меніңше, жанар-жағармайдың бір литрінің көтерме бағасы 80 - 85 теңге болуға тиіс", - деді ол.

"Бағаны көтеру туралы ұсыныс барлығына кереғар ұсыныс екенін мен түсінемін, бірақ ажиотажды азайтып, барлық цикл бойы тұрақтылықты толық қамтамасыз ету үшін, адамдар тыныш келіп, жанармайды тыныш алып кете беруі үшін бағаны көтеру қажет", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны