29.08.2006, 09:41 3024

Ішкі жалпы өнім құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіп үлесін 12% деңгейде сақтап қалу үшін, оның өсімі 2015 жылға дейін орташа есеппен 8-8,4 % құрауы тиіс- Қ.Келімбетов

АЛМАТЫ. 29 тамыз. Kazakhstan Today. Ішкі жалпы өнім құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіп үлесін 12% деңгейде сақтап қалу үшін, ҚР өңдеуші өнеркәсіп өсімі 2015 жылға дейін орташа есеппен 8-8,4 % құрауы тиіс. Бұл жөнінде Алматыда өткен брифингте "Қазына"тұрақты даму қоры"АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қ.Келімбетовтың айтуынша, Қазақстанның индустриалдық инновациялық стратегиясын жүзеге асырудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша, өңдеуші өнеркәсібі жақсы дамып келеді. 2003 жылы өңдеуші өнеркәсіп өсімі 8%, 2004 жылы 10%, 2005 жылы - 5,9% құрады. Жалпы, осы жылдардағы өңдеуші өнеркәсіп саласының өсімі 2015 жылға дейін орташа есеппен 8-8,4 % құрауы тиіс, бұл Ішкі жалпы өнімдегі өңдеуші өнеркәсіп үлесін 12-12,5%" деңгейінде сақтап қалуға мүмкіндік береді, деп атап өтті Қ.Келімбетов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны