26.03.2012, 10:49 3720

"Іскерлік байланыстар" бағдарламасы бойынша 2012 жылдан бастап АҚШ-та бизнес-тағлымдамалар өтетін болады

"Бизнестің жол картасының" аясында жүзеге асырылып отырған "Іскерлік байланыстар" бағдарламасы шағын және орта бизнес басшыларының жаңа буынын дайындайды, деп хабарлады "Тұран-Профи" Халықаралық кәсіптік академиясының проректоры Зәмзагүл Қапбасова.

Астана. 26-наурыз. Kazakhstan Today - "Іскерлік байланыстар" бағдарламасы бойынша 2012 жылдан бастап АҚШ-та бизнес-тағлымдамалар өтетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бизнестің жол картасының" аясында жүзеге асырылып отырған "Іскерлік байланыстар" бағдарламасы шағын және орта бизнес басшыларының жаңа буынын дайындайды, деп хабарлады "Тұран-Профи" Халықаралық кәсіптік академиясының проректоры Зәмзагүл Қапбасова.

"2011 жылдан бастап аталмыш бағдарлама еліміздің барлық өңірінде "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аясында Экономикалық даму министрлігімен бірлесіп іске асырылып келеді", - деді З.Қапбасова.

Проректордың айтуынша, бағдарлама 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - "Тұран-Профи" академиясының базасындағы күндізгі және дистанциялық оқу формасы, одан кейін - Германия кәсіпкерлерінде тағлымдамадан өту және бағдарламадан кейінгі жұмыс тәжірибесі.

Айта кететін жайт, 2012 жылдан бастап кәсіпкерлер Германияда оқумен қатар, Құрама Штаттарда бизнес-тағлымдамадан өтетін болады.

"Бағдарлама аясында біз бизнесті дамыту, шетелдермен серіктестік қатынастар орнату және жаңа бизнес-технологияларды пайдалану стратегияларын игеруге қабілетті басшылардың жаңа буынын дайындап жатырмыз",- деп атап көрсетті З.Қапбасова өз сөзінде.

"Іскерлік байланыстар" бағдарламасына экономиканың басымдықты 11 секторына жататын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басшылары қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны