17.06.2015, 10:47 3715

Испания ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растады

ЭКСПО-2017 комиссары ҚР сыртқы істер министрініӊ бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев Испания Корольдігіне сапармен барды, деп хабарлады ҚР СІМ-ніӊ баспасөз қызметі

Астана. 17 Маусым. Kazakhstan Today - ЭКСПО-2017 комиссары ҚР сыртқы істер министрініӊ бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев Испания Корольдігіне сапармен барды, деп хабарлады ҚР СІМ-ніӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Испания СІМ басшылығымен келіссөздер барысында қос тарап екі ел арасындағы ынтымақтастықтыӊ жоғары деӊгейі мен Испания Королініӊ Қазақстанға сапарын ұйымдастырудыӊ маӊыздылығын атап өтті. ЭКСПО-2017 комиссары Елбасы атынан Х. М. Гарсия-Маргальоға Испания Королі мен Премьер-министрініӊ атына ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға бірегей шақырту қағазын берді. Осы ретте, Р. Жошыбаев атап өткендей, Астанада аталмыш халықаралық көрмені өткізу идеясын Президент Н.Назарбаев Сарагоста өткен ЭКСПО-2008 көрмесіне қатысқаннан кейін ұсынды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сауда бойынша мемлекеттік хатшы қазақстандық-испаниялық үкіметаралық комиссияныӊ теӊ төрағасы Х. Г. Легас-Понсемен кездесу барысында ЭКСПО-2017 көрмесіне корпоративті қатысушыларды тарту шін экономикалық блоктағы салалық мемлекеттік органдардыӊ өзара қарым-қатынас мүмкіндіктері қарастырылды.

Аталып өткендей, дән осы күні Р. Жошыбаев пен Х. Г. Легас-Понсеніӊ төрағалығымен 70-тен астам жетекші испандық компаниялардыӊ қатысуымен бизнес-форум өтті. Оған қатысушылар Қазақстанныӊ елордасында өтетін ірі көрмеге дайындық пен өткізуге атсалысуға дайын екенін жеткізді.

Испанияныӊ Даму министрлігіндегі кездесуде Мемлекеттік хатшы Х. Гомес-Помар, Астанада өткелі жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі қазақстандық-испандық стратегиялық серіктестікке серпін беруі тиіс, деп атап өтті.

Туризм бойынша мемлекеттік хатшы И. Боррего Кортеспен келіссөздер барысында тараптар туризмді дамыту, аталмыш салада мамандарды даярлау бойынша тәжірибе алмасуға уағдаласты. Кездесу қорытындысы бойынша "Астана ЭКСПО-2017" ҰК мен Испанияныӊ "TURESPAСA" жетекші туроператорлар қауымдастығымен серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды, деп атап өтілген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны