07.12.2012, 16:07 5176

Италия көліктері Қостанайда құрастырылады

Бұл туралы Қостанайда Италияның IVECO концерн басшыларының қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды KazBIN.

Қостанай. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - Италия көліктері Қостанайда құрастырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қостанайда Италияның IVECO концерн басшыларының қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды KazBIN.

Баспасөз мәслихаты барысында Қостанай қаласындағы "Сарыарқа автопром" ЖШС зауытында италиялық машина жасау компаниясының коммерциялық техникаларын құрастыру туралы қосымша келісмшартқа қол қойылды. Сондай-ақ машина жасау өндірісіндегі қызметкерлерін оқыту және біліктілігін көтеру мақсатында "Сарыарқа Автопром" ЖШС мен Италиялық IVECO концерні басшылары ынтымақтастыққа қол қойды.

Осы күнге дейін "Сарыарқа Автопром" зауытында IVECO автокөліктері ірі тораптық жартылай бөлшектелінген әдісімен құрастырылуда.

Бұған қоса "Сарыарқа Автопром" ЖШС басшылары шығарған автокөліктің модельдер қатарын ұлғайтуға келісті. Өйткені Қостанайда құрастырылған бірінші фургон топтары итальян мамандарының сапа бақылауынан өтіп, сенімдерін ақтаған. Бұрын қостанайлық зауытта жолаушылар және жүк тасымалдайтын шағын автобустардың үш моделі ғана құрастырылған болса, енді олардың саны жетіге дейін өсетін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны