06.04.2017, 16:17 5256

Италияндық кәсіпкерлер Алматы облысына келді

Кеше, 5 сәуірде Алматы облысы әкімініӊ бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов италияндық делегациямен кездесті. Кездесу барысында екі тараптыӊ қарым-қатынастағы мүдделі экономикалық байланыстары туралы кеӊінен сөз болды.

Талдықорған. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Кеше, 5 сәуірде Алматы облысы әкімініӊ бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов италияндық делегациямен кездесті. Кездесу барысында екі тараптыӊ қарым-қатынастағы мүдделі экономикалық байланыстары туралы кеӊінен сөз болды.

Облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы, басым бағыттары туралы баяндаған облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Л. Тұрлашов италияндық кәсіпкерлермен бұл әӊгімелесу одан әрі тиімді жобаларға ұласатынына сенім білдірді.

Кездесуге келген Италияныӊ 4 ірі "INFORTRADE SRKS", "Garmet", "Brio", "Longo" компаниясыныӊ басшылары өздерініӊ айналысатын саласы, өндірісі, бағыт-бағдары мен жоспарлары туралы қысқаша баяндап өтті. Қоқыс өӊдеумен, жаӊартылған энергия көздерін дамытумен, темір бұйымдарын шығарып, құрылыс жүргізумен, жеӊіл өнеркәсіппен айналысатын аталмыш компаниялар Алматы облысыныӊ инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытатындарын жеткізді. Кездесу соӊында облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Л. Тұрлашов Елбасыныӊ алдымызға қойып отырған ауқымды міндеттерініӊ бірі инвестиция тарту екенін, облыс аумағында бірқатар маӊызды жобаларды іске асыруға мүдделілік танытқан еуропалық кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін айта келе, ресми қонақтардыӊ істеріне сәттілік тіледі.

Жүздесуден кейін италияндық делегация Кәсіпкерлер палатасында облыс және қала әкімдігі мен мемлекеттік органдар өкілдерініӊ қатысуымен өтетін жиынға қатысап, онда нақты жобаларды іске асыру жолдары талқыланады деп күтілуде. Сонымен қатар Талдықорған қаласындағы бірқатар өнеркәсіп нысандарын аралайды деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны