03.05.2016, 23:10 4420

Италияныӊ Italbovini компаниясы Қарағанды облысында бордақылау алаӊыныӊ құрылысына 100 млн евро инвестиция салмақшы

Қарағанды. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Италияныӊ Italbovini компаниясы Қарағанды облысында бордақылау алаӊыныӊ құрылысына 100 млн евро инвестиция салмақшы, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қарағанды. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Италияныӊ Italbovini компаниясы Қарағанды облысында бордақылау алаӊыныӊ құрылысына 100 млн евро инвестиция салмақшы, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, "KaragandaInvest-2016" Халықаралық IV инвестициялық форумы шеӊберінде Қарағанды облысында "Italbovini" (Италия) трансұлттық компаниясыныӊ басшысы Ремо Галли бастаған Италия делегациясы болып қайтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өзара қызығушылықты ескере отырып және өзара ынтымақтастықты нығайта түсу және дамыту ниетіне сәйкес 37,6 млрд теӊге (100 млн евро) сомасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, онда келешекте 50 мыӊ басқа дейін ұлғайта отырып, 15 мыӊ бас ірі қара малға арналған, экспортқа бағытталған, толық өӊдеу циклі бар мал бордақылау алаӊын салу қарастырылған", - деп хабарлайды әкімдік.

Сондай-ақ, делегация келешекте көршілес елдерге экспорттауға арнап италияндық шарап өндірісін ашу, жиҺаз және құрылыс материалдарыныӊ өндірісін салу секілді басқа да жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны