03.05.2011, 13:15 2939

IV Экономикалық форумы аясында өтетін Инновациялық конгресс өз жұмысын бастады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанада ашылатын IV Экономикалық форумы аясында Инновациялық конгресс жұмысы басталады.

Астана. 3 - мамыр. Kazakhstan Today - IV Экономикалық форумы аясында өтетін Инновациялық конгресс өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанада ашылатын IV Экономикалық форумы аясында Инновациялық конгресс жұмысы басталады.

"Ұлттық инновациялық жүйелердің өзара кірігу үдерістері" тақырыбында өтетін конгреске 12 елдің 300 делегаты қатысады. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Швейцария, Израиль, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея және Қазақстанның ғалымдары, саясаткерлері мен беделді сарапшылары Кедендік одақ аясындағы инновациялық экономика, венчурлық капиталды қолдану, сондай-ақ Еуразиялық инновациялық кірігу үдерістерін дамыту мәселелерін талқыға салмақ.

Іс-шара аясында бірқатар меморандумдарға қол қойылып, инновациялық жобалардың көрмесі ұйымдастырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны