Система Orphus

ИЖТМ мен Ислам даму банкі Қазақстандағы жекеменшік секторды қолдау жұмыстарын күшейтеді

15.01.2014, 19:14 4319

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. Алматыда Ислам даму банкі құрамына кіретін елдер тобының жоғары деңгейдегі өңірлік форумы өтті. Қаржы институты қызметінің 40 жылдығына арналған бұл бас қосуға 12 елдің Үкімет өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

И.Исекешев өз сөзінде, екіжақты ынтымақтастықтың форматы өзгеріп отырғанын, егер бұрын мемлекеттік жобаларға басымдық танытылса, енді корпоративаралық өзара іс-қимылдың барлық секторын дамытуға, әсіресе жекеменшік сектормен байланысты дамытуға басымдық жасалып отырғанын баса атап көрсеті.

"Атап айтқанда, ИДБ мен ИЖТМ тарабының қолдауымен Алматы облысының құрылыс секторы үшін алюминийден дайын өнімдер шығаратын зауыттың құрылысын қазақстандық және түрік инвесторларының жүргізетіндігі туралы келісімге қол қойылды (жоба аясында Павлодар алюминий зауытына жеткізу үшін жылына 7 мың тонна алюминийді өңдеу жоспарлануда)", - делінген хабарламада.

Оған қоса, "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп балама энергетика жобаларын қаржыландыру қоры, Ил-Хилаль банкімен (Абу Даби) және түрік инвесторларымен бірлесіп лизингтік компания құрылып отыр.

ИДБ сондай -ақ, Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының Азық-түлік қауіпсіздігі қорының кеңсесін ашу үшін бірнеше грант бөлді.

Вице-премьер сондай-ақ, Мемлекет басшысының ұйытқы болуымен 2012 жылдың қазан айында Қазақстан мен ИДБ арасындағы әріптестіктің 2012-2014 жылдарға арналған елдік стратегиясы қабылданғанын еске салды. Бұл әріптестік аясында бүгінгі таңда ислам банкингі индустриясын дамытуға және сауданы қаржыландыру жобаларына шамамен 500 млн. АҚШ доллары тартылып отыр.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны