30.05.2014, 21:02 3592

ИЖТМ мен ҰКП ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР ИЖТМ және КҰП неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнатуда. Тиісті меморандумға бүгін Астанада вице-премьер - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев және Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев қол қойды.

Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan today. ҚР ИЖТМ және КҰП неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнатуда. Тиісті меморандумға бүгін Астанада вице-премьер - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев және Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев қол қойды.

Тараптар мемлекеттік бағдарламаларды дайындау және іске асыру, тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі қазақстандық үлесті ұлғайту, отандық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелерінде күш-жігерлерін біріктіруге ниеттенуде, деп индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде хабарлады.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші және екінші бесжылдықтарын қоса алғанда, елдің энергетика, индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамуы саласындағы бағдарламалық құжаттарды және туризм, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытуды көздейтін құжаттарды іске асыру мәселелері бойынша бірлескен жұмыс топтарын құру болжануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны