10.08.2017, 19:15 4478

Израиль Қазақстанныӊ агроиндустриясына 1 миллиард долларға дейін қаржы салуға әзір

Инвестициялар ет-сүт, жеміс-көкөністі өнімдерді өӊдеу; жылыжай шаруашылықтарын құру; заманауи қоймалар мен салқындату жүйелерініӊ құрылысы; суару жүйесін құру; аграрлық оқыту орталықтарын ашу; балық шаруашылықтарын құру; өндірілген өнімді шетел нарықтарына жеткізуді ұйымдастыру сияқты жобаларға бағытталатын болады.

Астана. 10 тамыз. Kazakhstan Today - Израиль қазақстандық агробизнесті қаржыландыру үшін 1 миллиард доллар бөлуге әзір. Инвестициялар ет-сүт, жеміс-көкөністі өнімдерді өӊдеу; жылыжай шаруашылықтарын құру; заманауи қоймалар мен салқындату жүйелерініӊ құрылысы; суару жүйесін құру; аграрлық оқыту орталықтарын ашу; балық шаруашылықтарын құру; өндірілген өнімді шетел нарықтарына жеткізуді ұйымдастыру сияқты жобаларға бағытталатын болады.

Бұл туралы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мен израильдік "Polevoi Group" Агроконсорциумыныӊ өкілдерімен Астанада өткен кездесу барысында белгілі болды. Корпорация басшылығы израильдіӊ қаржыландыру және ауыл шаруашылығы саласыныӊ мамандарымен ынтымақтастықтыӊ бағыттарын талқылады.

"Polevoi Group" Агроконсорциумыныӊ өкілдері еліміздіӊ ауыл шаруашылығына тиесілі барлық саладағы жобаларға ат салысуға дайын екендіктерін жеткізді. Израильдік тарап кәсіпорындарды бірігіп қаржыландыру үшін жобалық құныныӊ 85 пайызға дейінгі көлемде ұзақмерзімді қарыздарды ұсынып отыр.

Басты бағыттардыӊ бірі Қазақстандық аграрлық-өнеркәсіптік кешенге израильдіӊ заманауи ауыл шаруашылығы жабдықтары мен технологиясын тарту болып табылады. Бұныӊ барлығы қос тарап бірлесіп құрған кәсіпорындардыӊ базасында жүзеге асады. Консорциум әлемніӊ жетекші өндірушілерімен бірлесіп Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы техникасыныӊ өндірісін жандандыруға дайын.

Өз кезегінде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ өкілдері халықаралық ынтымақтастық үшін толықтай ашық екенін жеткізді. Израильдік делегация сапарыныӊ қорытындысы бойынша келісім бекіді. Құжат - ауыл шаруашылығындағы жобаларды ортақ қаржыландырудыӊ талаптары мен кепілмен қамтамасыз етуін қамтиды.

Айта кеткен жөн, бұл кездесуге Премьер-министрдіӊ орынбасары, ҚР ауыл шаруашылығы Министрі Асқар Мырзахметовтыӊ 2017 жылдыӊ 6 сәуіріндегі Израильге жасаған жұмыс сапары ұйытқы болды. Сапар барысында министр 2017 жылдыӊ 31 қаӊтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ халыққа жасаған Жолдауы туралы айтқан еді. Израильдік тарап Жолдауды мұқият зерттеп, экономиканыӊ локомотиві ретінде Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласын дамыту бастамасына қызығушылығын танытқан болатын.

Анықтама үшін:

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ бәсекеге қабілетті ауыл кәсіпкерлігін дамытуды ынталандыратын қолжетімді несиелендіру жүйесінқалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келеді.

Корпорация "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі компаниялар тобыныӊқұрамына кіріп, соныӊ тікелей жетекшілік етуімен Қазақстанныӊбарлық облыстарында орналасқан 13 филиал мен өкілдіктерінде өз қызметін жүзеге асыруда ауқымды жұмыстарды атқарып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны