04.08.2011, 15:00 3645

Юань, рубль және теңге қатар орналасқан бума резервтік валюта болуы керек

"Ресей өз алдына рубльді әлемдік резервтік валютаға айналдыру жағынан ауқымды мақсат қойып отыр. Дегенмен, бұған юаньның өзі де толық дайын емес. Ал біздің аумағымызда қандай да бір резервтік валюта жөнінде айтар болсақ, ол юань да, рубль де, теңге де орналасқан бума болуы керек", - деді Қайрат Нематұлы.

Алматы. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Евразия кеңістігінде юань, рубль және теңге қатар орналасқан бума резервтік валюта болуы керек. ҚР экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов "Коммерсантъ" газетіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ресей өз алдына рубльді әлемдік резервтік валютаға айналдыру жағынан ауқымды мақсат қойып отыр. Дегенмен, бұған юаньның өзі де толық дайын емес. Ал біздің аумағымызда қандай да бір резервтік валюта жөнінде айтар болсақ, ол юань да, рубль де, теңге де орналасқан бума болуы керек", - деді Қайрат Нематұлы.

Ол бұл істі саясиландырудың қажеті жоқтығын атап өтті. "Халықаралық қаржы орталығына айналу, менің ойымша, аспандағы міндет емес. Бұл маңызды міндет. Алайда, өз экономикамызды модернизациялау одан да маңызды", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны