30.01.2014, 19:28 4051

Қ.Бишимбаев: "Бәйтерек" холдингі кәсіпкерлерге арналған несиені арзандатады

Оның айтуынша, бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде екінші деңгейлі банктер үшін 7 пайыздық үстемемен 5 жылға дейін 45 млрд теңге бөлінді. Олар өз кезегінде кәсіпкерлерге 10-11 пайыздық үстемемен кәсіпкерлерге несие береді.

Алматы. 30 қаңтар. Kazakhstan today. "Бәйтерек" холдингі кәсіпкерлер несиесін арзандататын болады. Бұл жайлы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде "Бәйтерек" Ұлттық басқару холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишимбаев мәлімдеді.

"Таяуда ғана біздің холдинг Қазақстанның даму банкімен бірлесіп біздің қолымызда бар артық жойылымды екінші деңгейлі банктерге жеткізуге мүмкіндік беретін банкаралық несиелеу бағдарламасын дайындады. Бұл өз кезегінде өнерәсіптік және индустриялық жобалардың бәсекелестікке түсуіне сеп болады", - деді басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде екінші деңгейлі банктер үшін 7 пайыздық үстемемен 5 жылға дейін 45 млрд теңге бөлінді. Олар өз кезегінде кәсіпкерлерге 10-11 пайыздық үстемемен кәсіпкерлерге несие береді.

"Біздің пайымымызша, екінші деңгейлі банктер өнеркәсіпті, ірі өнеркәсіптік кешені айналасындағы қызмет көрсетуді, логистиканы, ауылшаруашылығы өнімін өңдеу және өзге де салаларды несиелеуге мүмкіндік алмақ. Біздің құрып отырған кәсіпкерлердің өте аз пайыздық көрсеткіш үстемемен несие ала алатындай осынау мультипликативті тәсіліміз барлық бюрократиялық мәселелерді қысқартып, бюджет қаражатын игеруге мүмкіндік береді", - деді басқарма төрағасы.

Төрағаның айтуынша, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша оң нәтижелер байқалған. Енді 2014 жылдың екінші жарты жылдығында тағы қосымша 500 млн доллар аударылмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны