30.01.2012, 12:21 3710

Қ. Келімбетов 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасын әзірлеу туралы тапсырма берді

"Қаржы министрлігінің алдында тұрған басты міндеттер - ол Елбасы қойған мақсаттарды қаржылық қамтамасыз ету. Сондықтан да министрлікке 16 ақпанға дейін, яғни 2 аптадан кейін "Қазақстан Республикасының 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлеп, Премьер-Министр Кеңсесіне енгізуі тиіс",- деп атап өтті Қ. Келімбетов.

Астана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - Қ. Келімбетов 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасын әзірлеу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде Үкімет басшысының орынбасары Қайрат Келімбетов 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды.

"Қаржы министрлігінің алдында тұрған басты міндеттер - ол Елбасы қойған мақсаттарды қаржылық қамтамасыз ету. Сондықтан да министрлікке 16 ақпанға дейін, яғни 2 аптадан кейін "Қазақстан Республикасының 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлеп, Премьер-Министр Кеңсесіне енгізуі тиіс",- деп атап өтті Қ. Келімбетов.

Нақтылап айтқанда, 6 ақпанда Үкімет басшысының қатысуымен аталған заңнаманың алдын ала жобасы қарастырылады. "Сонымен қатар бүгін Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Қаржы министрлігі бірлесіп республикалық бюджеттік комиссияның, жұмыс тобының жұмыс жоспарын қарастыратын болады",-деді вице-премьер.

Оның сөзіне қарағанда, 2012 жылға бюджетті нақтылау кезінде және 2013-2014 жылдарға бюджетті қалыптастыру барысында Елбасының Жолдауына сәйкес шығыстарды оңтайландыру керек. Сонымен қатар экономиканың өсіміне оң ықпал етпейтін шараларға қаржы шығыстарына тыйым салу шарт.

Естеріңізге сала кетейін, 27 қаңтардағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджетті қайта қарастыруды жүктеген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны