13.05.2014, 20:58 2949

Қ. Келімбетов 2030 жылға дейінгі Қаржы секторы тұжырымдамасының кезеңдері туралы айтты

Соның ішінде біздің еуразиялық интеграция аясындағы келісімдердің бірі 2025 жылға дейін қаржылық бақылау органын құру. Ол өз кезегінде Алматыда жұмыс істейтін болады. Сол уақытқа дейін осы саладағы заңнаманы үйлестіру бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылуы керек", - дейді ҚР Ұлттық банк төрағасы.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов 2030 жылға дейінгі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында Қазақстанда істелуі керек негізгі жұмыстар жайлы айтты.

"2030 жылға дейінгі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы - банктің Үкіметпен бірлесіп дайындаған көлемді құжаты болып табылады. Барлық мемлекеттік органдар оны дайындауға қатысты. Жалпы, оны Қазақстанның қаржы секторы алдында тұрған қатерлерге ұжымдық жауап ретінде қарастыра аламыз. Тұжырымдама бойынша, біздің өз алдымызға қойған басты міндеттемелеріміз Қазақстанның қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар соңғы 10-15 жылда біздің жаһандық дағдарыс секілді жаһандық қатерлерге ұшырағанымызды есекере отырып, сыртқы жағдайларға қаржы секторының төтеп беру қабілетін арттыру мен аталмыш сыртқы қатерлерге тойтарыс беруде мемлекет кедергісінен арылту", - дейді бас банкир.

Ұлттық банк төрағасы 2030 жылға дейінгі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында Қазақстанда істелуі керек негізгі жұмыстарға да тоқталды.

"Аталмыш жұмыстардың бірінші кезеңі екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық банкке бақылау органдарының жұмысы. Алайда халықаралық институттар талаптарына өту ойынша, атап айтар болсақ, 2020 жылға дейін бізде негізгі трендтер баршылық. Еуразиялық экономикалық одақ құру келіссөздері аяқталып келеді және одақ аясындағы біздің байқауымыздағы жағдай осы құжатта ескерілген. Соның ішінде біздің еуразиялық интеграция аясындағы келісімдердің бірі 2025 жылға дейін қаржылық бақылау органын құру. Ол өз кезегінде Алматыда жұмыс істейтін болады. Сол уақытқа дейін осы саладағы заңнаманы үйлестіру бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылуы керек", - дейді ҚР Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар, екінші басым бағыт Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына ену болып табылады.

"Биыл келіссөздер аяқталады деп үміттенеміз. Осы орайда өтпелі кезең анықталып, одан кейін келісім бойынша Қазақстанның қаржы нарығында әлемнің ең ірі деген ұйымдары жұмыс істеу құқығына ие болады. Сол себепті біз бүгінде аталмыш ірі ұйымдарға біздің ұйымдардың бәсекелесу мүмкіндігін талқылаймыз", - дейді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны