15.07.2015, 15:48 3886

Қ.Келімбетов: БЖЗҚ кірістері инфляциядан 2 есеге артық

"Бірыӊғай жинақтау зейнетақы қоры" акционерлік қоғамыныӊ зейнетақылық активтерініӊ кірісі инфляциядан 2 еседен астам көп, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінде қаржы секторындағы жағдай мен 2015 жылдыӊ бірінші жартыжылдығыныӊ қорытындыларына байланысты өткен баспасөз мәслихатында

Астана. 15 Шілде. Kazakhstan Today - "Бірыӊғай жинақтау зейнетақы қоры" акционерлік қоғамыныӊ зейнетақылық активтерініӊ кірісі инфляциядан 2 еседен астам көп, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінде қаржы секторындағы жағдай мен 2015 жылдыӊ бірінші жартыжылдығыныӊ қорытындыларына байланысты өткен баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"БЖЗҚ зейнетақылық активтерініӊ көлемі инфляциядан екі есеге көп, 2015 жылдыӊ бірінші жартысында ол 3,04 пайызды құрады, ал теӊгеніӊ құнсыздану деӊгейі 1,4 пайыз болды. Жалпы алғанда, 2015 жылы Ұлттық банк сатып алған құнды қағаздардыӊ орташа кірістері 8,3 пайызды құрады",-деді Қ.Келімбетов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ сөзінше, 2015 жылдыӊ 1-шілдесіндегі жағдай бойынша, БЖЗҚ-ныӊ зейнетақылық активтерініӊ көлемі 5 трлн-ға жуық теӊгені құрап, өсім 9,1 пайызды құрады.

"2015 жылдыӊ бірінші жартысында Ұлттық банк зейнетақылық активтерді БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына сай, яғни 560,4 млрд теӊге көлемінде инвестициялады",-деді Қ.Келімбетов.

Оныӊ айтуынша, алдағы уақытта БЖЗҚ-ныӊ инвестициялық саясаты Мемлекет басшысы басқаратын кеӊес арқылы нақтыланады.

"Мемлекет басшысына жолданған БЖЗҚ-ныӊ инвестициялық саясатын Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеӊес анықтайтын болады және оны Мемлекет басшысы басқарады, ал кеӊестіӊ құрамына Парламент спикерлері мен Премьер-Министр және мемлекеттіӊ өзге де басшылары кіреді",-деді ол.

Қ.Келімбетов БЖЗҚ-ныӊ инвестициялық декларациясыныӊ инвестициялық декларациялармен салыстырғанда зейнетақы қорларыныӊ жеке иелікте болғанындағыдай үлкен өзгерістерге ұшырамағандығын атап өтті.

"50 пайызға жуық салымдар Қаржы министрлігінӊ мемлекеттік құнды қағаздары. Ал біз даму институттары мен ұлттық компанияларыныӊ қағаздарына салым саламыз ба ? Бізде қазақстандық несие компаниясына салым салу туралы нақты жоспарларымыз бар. Сонымен қатар біз "Халықтық IPO" сияқты бағдарламаларды қолдайтын боламыз. Бізде осындай жоспарлар бар, дегенмен біз негізгі екпінді мемлекеттік құнды қағаздарға салғанды дұрыс деп отырмыз, сонымен қатар біз екінші деӊгейлі банктерді қолдаймыз",-деп қорытты ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны