16.04.2014, 20:12 3275

Қ.Келімбетов: Ұлттық банктің алдағы уақыттағы басты міндеттемесі - кредит беру үдерісін іске қосу

Оның айтуынша, ҚР Ұлттық банкі алдағы уақытта алға қойып отырған банктік сектордың басты міндеттемесі кредит беру үдерісін іске қосу.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов ҚР Ұлттық банктің алдағы уақыттағы басты міндеттемесінің кредит беру үдерісін іске қосу екенін мәлімдеді.

"Жаман" несиелер туралы бүгінге дейін көп айтылды. Соңғы уақыттары бұл тіпті үлкен мәселеге де айналды. Шын мәнісінде бұл - еліміздің қаржы жүйесіндегі үлкен бөгеліс, басқаша айтқанда, тромб. Біз оны алып тасқаған жағдайда ғана банктер өз рейтингтерін көтеруге мүмкіндік алады. Қаржы тартуға, соның ішінде шет елдерден инвестиция тартуға мүмкіндік алады. Бастысы олар несиелендіру еркіндігіне ие болды", - дейді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, ҚР Ұлттық банкі алдағы уақытта алға қойып отырған банктік сектордың басты міндеттемесі кредит беру үдерісін іске қосу.

"2004-2007 жыдары несиелік портфельдің тіпті 50 және 80 пайызға дейін өсіп кеткенін өздеріңіз де білесіздер. Алайда бұл 10-13 пайызға дейін артты. Алайда бұл ел экономикасын алға сүйреуге әлі де болса жетпейді. 2004-2007 жылдары банк секторы 8 пайыздық экономикалық өсімнің 3 пайызын қамтамасыз еткен. Жалпы айтқанда банктік сектор өте маңызды рөлге ие болды. Біз осыны қайталай отырып сабақ алуымыз керек", - дейді бас банкир.

"Біз тиісті шараларды дайындадық. Сәуір-мамыр айларында Үкіметпен біріге отырып негізгі шараларды қабылдаймыз, 2014 жылдың екінші жартысында бұл өзінің жемісін бере бастамақ", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны