17.03.2020, 21:15 3083

Кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға 300 млрд. теңге бөлінеді

Ұлттық экономика министрлігі басшысының айтуынша, іскерлік белсенділікті сақтаудан басқа 200 мың жаңа жұмыс орны құрылады.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan Today - Кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға 300 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономикма министрі Руслан Дәленов ҚР Үкіметінің отырысында баяндағанын ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Кредиттерді субсидиялау және салықтық ынталандыруларды беру мәселесі қосымша пысықталып, сондай-ақ "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде 400 млрд. теңгеге дейін қосымша теңге өтімділігі жасалады", - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.

Ұлттық экономика министрлігі басшысының айтуынша, іскерлік белсенділікті сақтаудан басқа 200 мың жаңа жұмыс орны құрылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны