21.05.2014, 23:03 3560

Қ.Жақыпов: Тұрғын үй сапасын бақылауды күшейту керек

"Құрылыстың сапасы мәселесін бірінші қатарға шығаруымыз керек. Ийтпесе, жел тұрса - шатырды көтеріп кетеді, оны қалпына келтіруге миллион керек, бір жерде жауын өтсе - бізде қирап жатады. Бұлай жұмыс істеуге еш болмайды. Талап қатал болу керек. Мемлекет қаржы бөліп жатқан соң, сұрауы да қатал болуы қажет",- деп қорытты Қабиболла Жақы"пов.

Алматы. 21 мамыр. Kazakhstan today. Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Палатаның жалпы отырысында ортаға "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда талқылау барысында құрылыс сапасына қатысты мәселе тастады.

Ол бүгінде Президент құрылыс салу мен халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді шешу үшін барлық жағдай жасап отырғандығын айта келе, тиісті ұйымдардың құрылыстың сапасына жауапкершілігі назар аудару қажеттігіне тоқталды, деп ҚР Парламенті Мәжілісінен хабарлады.

"Қазіргі ең көп өтініш - баспанамен қамтамасыз ету болып табылады.Сондықтан оған баса назар аударуымыз керек. Құрылыстың сапасы мәселесін бірінші қатарға шығаруымыз керек. Ийтпесе, жел тұрса - шатырды көтеріп кетеді, оны қалпына келтіруге миллион керек, бір жерде жауын өтсе - бізде қирап жатады. Бұлай жұмыс істеуге еш болмайды. Талап қатал болу керек. Мемлекет қаржы бөліп жатқан соң, сұрауы да қатал болуы қажет",- деп қорытты Қабиболла Жақыпов.

Мәжіліс Төрағасы бюджет қаржысын жаратуды да өте жауапкершілік керектігін баса айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны