06.11.2017, 19:03 4209

Қайрат Айтуғанов: Егістікті әртараптандыру қажет

Биыл Ақмола облысында 260 мыӊ гектар жерге майлы дақыл себiлдi. Бұл былтырғымен салыстырғанда 37 мыӊ гектарға артық. Оған қоса әлемдiк нарықта қымбат дақыл саналатын жасымықтыӊ үлесi биыл 97 мыӊ гектарға жеттi. Алайда мұнымен тоқтап қалуға болмайды дейдi мамандар.

Көкшетау. 6 қараша. Kazakhstan Today - Биыл Ақмола облысында 260 мыӊ гектар жерге майлы дақыл себiлдi. Бұл былтырғымен салыстырғанда 37 мыӊ гектарға артық. Оған қоса әлемдiк нарықта қымбат дақыл саналатын жасымықтыӊ үлесi биыл 97 мыӊ гектарға жеттi. Алайда мұнымен тоқтап қалуға болмайды дейдi мамандар.

Ауыл шаруашылығы министрiнiӊ бiрiншi орынбасары Қайрат Айтуғанов Көкшетауда өткен кеӊесте ақмолалық шаруалар мен сала мамандарына 2021 жылға дейiнгi Агроөнеркәсiп кешенiн дамыту бағдарламасыныӊ қыр-сырын түсiндiрдi. Ауылшаруашылық кооперативтерiн құру және осы арқылы өӊдеушi кәсiпорындардыӊ жүктемесiн арттыру, тыӊайтқыштар сатып алу мен егiстiк алқаптарын әртараптандыру секiлдi мәселелердiӊ барлығы осы жиында талқыланды.

Айта кетейiк, биыл аймақ диқандары 5 млн тоннадан астам астық жинады. Оныӊ 80 пайыздан астамыныӊ сапасы жоғары.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiӊ бiрiншi орынбасары: - Қазiр бидай мен арпа емес, басқа дақылдар да шығып жатыр. Майлы дақылдар бар. Оларды Ақмола облысы көтеру керек., Трактор, комбайндар болса, соларды жаӊарту керек. Ендi тұқым деймiз ғой, ол өте сапалы болуы керек. Элита деймiз ғой, супер элита сұрыптары. Соны көбейту керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны