15.01.2007, 12:11 2908

Қайта есептелген мәлімет бойынша, 2006-жылдың аяғында Ұлттық банктің халықаралық резервтері 19 109,2 млн. доллар болды

АЛМАТЫ. 15-қаңтар. Kazakhstan Today. Қайта есептелген мәлімет бойынша, 2006-жылдың аяғында Ұлттық банктің халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 19 109,2 млн. долл., тұрақты бағамен 18 843,5 млн. долл. болды. Қайта есептеуге дейінгі деректер ағымдағы бағамен 19 046,2 млн. долл., тұрақты бағамен 18 781,4 млн. долл. болған. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ұлттық банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Банк түсініктемесіне сәйкес, Ұлттық банктің шетел валютасындағы қаржы құралдарын есепке алуға қатысты есеп саясатының өзгеруіне байланысты, жылдың соңғы жұмыс күні Қазақстан қор биржасында белгіленген теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа алынған биржалық бағамы бойынша доллар баламасындағы халықаралық резервтерге қайта есептеу жүргізілді.

Көрсетілген өзгерістерді есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық резервтері 2006 жылғы 29 желтоқсанда мынаны құрады:

Оның ішінде: еркін айналмалы валютадағы таза активтер ағымдағы бағамен 17 733,0 млн. долл., тұрақты бағамен 17 732,9 млн. долл. құрады.

Алтын ағымдағы бағамен 1 376,2 млн. долл., тұрақты бағамен11 110,6 млн. долл. болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны