25.07.2012, 18:19 2830

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін төмендету ағымдағы жыл соңына дейін сақталады

Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесін тағы төмендетуі мүмкін.

Алматы. 25-шілде. Kazakhstan Today - Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін төмендету ағымдағы жыл соңына дейін сақталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесін тағы төмендетуі мүмкін.

Бұл туралы Бас банкир Григорий Марченко бүгін Profinance.kz сайтында өткен онлайн-конференция барысында айтты.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін төмендету ағымдағы 2012 жылдың соңына дейін сақталады. Оған жылдық инфляция деңгейінің төмендеуі түрткі болып отыр. Бұл үрдіс 2011 жылдың екінші жартысында басталған болатын. Былтыр тамыз айының соңында инфляция жылдық көрсетуде 9 пайызды құраған болатын. Ағымдағы жылы маусым айының аяғында ол 4,9 пайыз көлемінде болды. Еске салсақ, Ұлттық банк бұған дейін, маусым айынан бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 6,5-тен 6 пайызға дейін азайтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны