07.12.2012, 16:41 2856

Қайта құрылымдау нәтижесінде БТА Банкінің берешегі шамамен $11 млрд-тан 3,3 млрд-қа дейін қысқартылады

Борышты өтеу мерзімі 3 жылдан 12 жылға дейін ұзартылады. Бұл Кредиторлардың барлық өтелмеген Талаптарын тоқтату немесе қайта құрылымдау есебінен жүзеге асады.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қайта құрылымдау нәтижесінде БТА Банкінің Қайта құрылымдалуы тиіс қаржы берешегі шамамен 11 миллиард АҚШ долларынан шамамен 3,3 миллиард АҚШ долларына дейін қысқартылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Борышты өтеу мерзімі 3 жылдан 12 жылға дейін ұзартылады. Бұл Кредиторлардың барлық өтелмеген Талаптарын тоқтату немесе қайта құрылымдау есебінен жүзеге асады. Кредиторлар өтемақы ретінде өз талаптарының сипатына қарай ақшаларды, Банктің акцияларын (немесе ҒДҚ) алады.

Сонымен қатар Банктің жаңадан шығарылған облигацияларын алады. Бұдан өзге, СҚЖКЖ кредиторлары әрекет ету мерзімін және қолжетімділік кезеңін ұлғайту арқылы кредиттік желіні жаңғыртады.

"Самұрық-Қазына" ҰИҚ қайта құрылымдауға қатысу аясында Банктің капиталына 1,2 млрд.АҚШ доллар сомасында (1,7 млрд. АҚШ доллар құрайтын СҚ депозиттерінің жалпы сомасынан) СҚ депозиттерін айырбастайды, сонымен қатар Банкке жаңа облигацияларға және СҚЖКЖ қатысты реттелген 1, 592 млрд. АҚШ доллар (теңгеде көрсетілген) мөлшерінде заем ұсынады.

Қайта құрылымдаудан кейін Банктің бірінші деңгейдегі капиталының коэффициенті Базель ІІ нормативтері бойынша 10%-дан жоғары көрсеткішке дейін қалпына келтіріледі. Қайта құрылымдау аяқталғаннан кейін "Самұрық-Қазына" Қорына ағымдағы 81,48%-бен салыстырғанда 97% Банк акциялары тиесілі болады

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны