04.12.2015, 15:59 4220

Қалалық мәслихатта Астананыӊ 2015-2017 жж. арналған бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды

Бүгін бесінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттыӊ кезектен тыс сессиясы өтті. Күн тәртібіне Астананыӊ 2015-2017 жж. арналған бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі шығарылды

Астана. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін бесінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттыӊ кезектен тыс сессиясы өтті. Күн тәртібіне Астананыӊ 2015-2017 жж. арналған бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елордалық бюджетті нақтылау республикалық бюджетті айқындаумен байланысты жүргізіледі. Отырыс барысында қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Жанат Нұрпейісов баяндама жасады, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Республикалық бюджетті нақтылау аясында елордада 6 млрд. 600 млн. теӊге көлемінде қосымша қаржы бөлінді, соныӊ ішінде 1 млрд. 900 млн. теӊге - трансферттер, 4 млрд. 600 млн. теӊге - несие.

Бұдан басқа, пайдаланылмаған қаржыны іштей қайта үлестіру және республикалық бюджетке қайтару жасалды. Бюджетті нақтылау барысында жергілікті бюджеттіӊ өз кірісі бойынша табыс бөлігі 221,7 млн. теӊгеге ұлғаймақ.

Бюджет қаражатын игеруді мониторингтеу қорытындысыныӊ негізінде іштей қайта үлестіру арқылы жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша тағайындаудыӊ жылдық жоспарлары қайта қаралды.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдыӊ 1 желтоқсандағы жағдай бойынша өз кірісі бойынша түсім 167 млрд. 586 млн. теӊгені немесе бекітілген жоспардыӊ 101,6% құрады. Өткен жылдыӊ сәйкес мерзімімен салыстырғанда түсім 22 млрд. 135 млн. теӊгеге артты. Мәслихат сессиясында салық түсімдері бойынша жылдық болжамды 221,7 млн. теӊгеге ұлғайту, сондай-ақ, нақты түсімдерге сәйкес жекелеген қаржы көздері бойынша 795,5 млн. теӊге жылдық болжамдарды қайта үлестіру ұсынылды.

"Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарыныӊ әкімі аппараттарына "Балапан" бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен қосымша, сәйкесінше, 40,6 млн. теӊге, 190,7 млн. теӊге, 143,6 млн. теӊге бөлінді.

Отырыс барысында 362 млрд. 472 млн. теӊге көлемінде өзгерістер енгізу, бекітілген бюджетті 22 млрд. 283 млн. теӊгеге ұлғайтуды қоса есептегенде шығатын қаланыӊ нақты бюджеті айтылды. Бұл ретте өз кірісі бойынша түсім 182 млрд. 502 млн. теӊгені және трансферттер - 145 млрд. 101 млн. теӊгені құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны