15.07.2013, 14:36 3097

Канада Қазақстан экономикасына 6 млрд доллар инвестиция салды

Канада Қазақстанмен 20 жыл ынтымақтастығы кезінде ҚР экономикасына 6 млрд долларға жуық қаржы инвестициялады. Дегенмен, екі ел арасында ресми инвестициялық келісімге қол қойылған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР-ның Канададағы Төтенше және өкілетті елшісі Константин Жигалов екі ел арасындағы ынтымақтастық пен оны дамытуға арналған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

Астана. 15-шілде. Kazakhstan Today - Канада Қазақстан экономикасына 6 млрд доллар инвестиция салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Канада Қазақстанмен 20 жыл ынтымақтастығы кезінде ҚР экономикасына 6 млрд долларға жуық қаржы инвестициялады. Дегенмен, екі ел арасында ресми инвестициялық келісімге қол қойылған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР-ның Канададағы Төтенше және өкілетті елшісі Константин Жигалов екі ел арасындағы ынтымақтастық пен оны дамытуға арналған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, 1992 жылдың сәуірінен бастап Қазақстанның Канадамен қарым-қатынасы жақсы дамып келе жатыр. "ҚР Президентінің 2003 жылғы Канадаға сапары сол кезеңдегі екі ел арасындағы маңызды оқиға саналды. Ол екіжақты қарым-қатынасты дамытуға септігін тигізді, жаңа серпін берді, бірқатар халықаралық келісім-шарттарға қол қойылды", - деді К.Жигалов.

Елші өз сөзінде Канада Қазақстанның ТМД елдерінің қатарындағы емес Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің арасындағы басты сауда серіктесі екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, осындай кездесулер жылына екі рет ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны