12.03.2014, 20:58 5416

Канадалық кәсіпкерлер СҚО-да бірлескен өндіріс ашуға мүдделі

"Канадалық тарапты негізінен АӨК мамандары құрайды. Олар ауыл шаруашылық саласында алдағы уақытта әріптестік құруға мүдделі екендіктерін білдірді. Солтүстікқазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер канададан шыққан техниканы сатып алып, мал басын да көбейтіп отыр. Алдағы уақытта іскерлік қатынасты тереңдете түсетін боламыз", - дейді әкімдік хабарламасы.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. Солтүстік Қазақстанға Канаданың Манитоба провинциясынан делегаттар келді.

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, Канададан келген қонақтардың қатарында кәсіпкерлер мен агроөнеркәсіптік кешеннің мамандары бар.

Облыс әкімі Самат Ескендіровпен кездесу барысында ауыл шаруашылығында бірлескен кәсіпорын құру мәселесі талқыланды.

"Канадалық тарапты негізінен АӨК мамандары құрайды. Олар ауыл шаруашылық саласында алдағы уақытта әріптестік құруға мүдделі екендіктерін білдірді. Солтүстікқазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер канададан шыққан техниканы сатып алып, мал басын да көбейтіп отыр. Алдағы уақытта іскерлік қатынасты тереңдете түсетін боламыз", - дейді әкімдік хабарламасы.

Сонымен қатар, канадалық кәсіпкерлер өңірлік өндірістік және өңдеуші кәсіпкерліктің жұмысымен танысып, жергілікті өндірістік технологиясымен танысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны