22.07.2014, 19:31 3089

Канадалық компаниялар Қазақстанмен энергетика саласында ынтымақтастық орнатуға дайын

Тараптар білім, энергетика, сондай-ақ Жаңа Шотландияның әлемдегі ең ірі теңізжайлардың бірі болып саналатын порттың қызметін қамтамасыз етудегі тәжірибесін ескере отырып, портты басқару салаларында екі жақты ынтымақтастықты дамытуды мақсатқа сай келетінін атап өтті. Осыған орай Жаңа Шотландияның өкілдері Маңғыстау облысы және Ақтау қаласымен тығыз байланыстар орнатуға қызығушылықтарын білдірді.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Канададағы Елшісі Константин Жигалов осы елдің Жаңа Шотландия провинциясына ресми сапармен барды. Сапар барысында К.Жигаловты Галифакс қаласында провинцияның Лейтенант-губернаторы Джон Джеймс және Жаңа Шотландияның премьері Стивен Макнейл қабалдып, сонымен қатар Жаңа Шотландияның Энергетика министрі Эндрю Йонгер, Галифакс қаласының әкімі Майк Сэведж, Галифакс порты әкімшілігінің басшылығы мен провинцияның басқа да өкілдерімен кездесулер өтті, - деп хабарлайды ҚР СІМ.

Аталмыш сапар Канаданың халықаралық сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарында маңызды рөл атқаратын канадалық провинциялар мен ҚР арасында ынтымақтастықты тереңдетудің болашағы зор екенін растады. Тараптар білім, энергетика, сондай-ақ Жаңа Шотландияның әлемдегі ең ірі теңізжайлардың бірі болып саналатын порттың қызметін қамтамасыз етудегі тәжірибесін ескере отырып, портты басқару салаларында екі жақты ынтымақтастықты дамытуды мақсатқа сай келетінін атап өтті. Осыған орай Жаңа Шотландияның өкілдері Маңғыстау облысы және Ақтау қаласымен тығыз байланыстар орнатуға қызығушылықтарын білдірді.

"Болашақ энергиясы" тақырыбына Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі Жаңа Шотландия іскерлік топтары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сапар шеңберінде К.Жигалов баламалы энергия көздерін жасап шығарумен белсенді айналысатын "Minas Energy" және "Kaizer Meadow" компаниялары кәсіпорындарына барды. Компаниялардың басшылықтары қазақстандық серіктестермен энергетикалық мәселелердің кең спектрі бойынша бірге қызмет етуге дайын екенін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны