01.02.2011, 16:15 3700

Қаңтар айында азық-түлік тауарларының бағасы 12,2 пайызға өскен

2011 жылдың қаңтар айында азық-түлік тауарларының бағасы 12,2 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 1 - ақпан. Kazakhstan Today - 2011 жылдың қаңтар айында азық-түлік тауарларының бағасы 12,2 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасай отырып.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, "2011 жылғы қаңтарда 2010 жылдың аңтар айымен салыстырғанда баға жармаға 55,2%, жемістер мен көкөністерге - 28,2%, май және тоң майға - 20,6%, қантқа - 12,6% өскен".

Хабарда көрсетілгендей, "шай және какаоға - 11,4%, сүт өнімдеріне - 8,8%, кондитерлік өнімдерге - 8,3%, тоқаш пен ұн өнімдеріне - 7,6%, жұмыртқаға - 5,9%, алкогольді ішімдіктерге - 4,1%, ұнға - 3,6%, нанға - 1,9%, макарон өнімдеріне - 1,3%-ға өскен".

"Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 15% құрады. Қой етіне баға деңгейі 15,4%, құс етіне - 10,6%, шұжық өнімдеріне - 10,2%, шошқа етіне - 7,8%, жылқы етіне - 7,5%-ға жоғарылады" делінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны