01.02.2011, 16:17 3694

Қаңтар айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 14 644 теңгені құраған

Ағымдағы жылғы қаңтарда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 14 644 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 1 - ақпан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы қаңтарда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 14 644 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы қаңтарда 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,7 пайызға өсті", - деп хабарлады агенттіктен.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейі құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,7, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 16,4, жемістер мен көкөністерге - 12,7, нан және жарма өнімдеріне - 8,4, қант, шай және дәмдеуіштерге - 2,8 пайызды құрады.

Статистикалық агенттік берген мәліметі бойынша, азық-түліктің бағасы республикамызда қаңтар айында 12% өскен. Бәрінен бұрын жармалар, жеміс-жидектер, қант, өсімдік және басқа майлар, сондай-ақ ет және ет өнімдеріне бағаның қатты өскені байқалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны