12.12.2011, 13:25 4719

Қаңтар - қараша айларында ЖІӨ өсімі 7,5 пайызды құрады

"11 айда ЖІӨ-нің өсімі 7,5 пайызды құрады",- деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-ге.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қаңтар - қараша айларында ЖІӨ өсімі 7,5 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"11 айда ЖІӨ-нің өсімі 7,5 пайызды құрады",- деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-ге.

Естеріңізге сала кетейік, Үкіметке 2011 жылы экономиканың өсімін 7 пайызға жеткізу туралы міндетті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың 17 сәуірінде кеңейтілген кеңесте қойған болатын.

Атап айтқанда, алдағы бес жылда Қазақстан табыс деңгейі жоғары елдердің тобына кіруі керек. 2016 жылға қарай ЖІӨ жан басына шаққанда 15 мың АҚШ долларынан кем болмауы тиіс. Ол үшін экономика жыл сайын ең аз дегенде 7 пайыздан кем болмайтын қарқынмен өсуі керек.

Ағымдағы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша ЖІӨ - 6,5 пайызды, І жартыжылдықта - 7,1 пайызды, 9 айдың қорытындысы бойынша - 7 пайызды, ал 10 айдың қорытындысы бойынша - 7,2 пайызды құрады.

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің болжамы бойынша, 2011 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі - 7 пайыз, 2012 жылы - 6,9 пайыз, 2013 жылы - 6,5 пайыз, 2014 жылы - 7,1 пайыз, 2015 жылы - 7,4 пайыз деңгейінде болжануда. Яғни, ЖІӨ 2011-2015 жылдары орта есеппен жылына 7 пайызды құрайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны