18.10.2012, 12:51 2847

Қаңтар - қыркүйек айларында ҚМГ ӨБ өндірге мұнай көлемі 1 пайызға төмендеген

"Өзенмұнайгаз" АҚ (ӨМГ) 3 699 мың тонна (тәулігіне 99 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 90 мың тоннаға кем. "Ембімұнайгаз" АҚ (ЕМГ) 2 096 мың тонна (тәулігіне 56 мың баррель) өндірді, бұл көрсеткіш 2011 жылдың осындай кезеңімен шамалас. ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 5 794 мың тоннаны құрады (тәулігіне 156 мың баррель).

Астана. 18-қазан. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") "Қазгермұнай" БК" ЖШС (ҚГМ), "CCEL" ("CCEL"), "ПетроҚазақстан Инк." (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді қосқанда, 2012 жылдың алғашқы тоғыз айында 9 108 мың тонна (тәулігіне 246 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100 мың тоннаға, немесе 1 %-ға кем, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Өзенмұнайгаз" АҚ (ӨМГ) 3 699 мың тонна (тәулігіне 99 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 90 мың тоннаға кем. "Ембімұнайгаз" АҚ (ЕМГ) 2 096 мың тонна (тәулігіне 56 мың баррель) өндірді, бұл көрсеткіш 2011 жылдың осындай кезеңімен шамалас. ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 5 794 мың тоннаны құрады (тәулігіне 156 мың баррель).

Алғашқы тоғыз айдың нәтижелерін ескере отырып, Компания 2012 жылы ӨМГ 4,9 млн. тонна (тәулігіне 99 мың баррель) мұнай өндіреді деп есептейді. Компания ЕМГ бұған дейін 2012 жылға белгіленген 2,8 млн. тонна жоспарды орындайды деп есептейді. Осылайша, 2012 жылы ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіріс көлемі 7,7 млн. тоннаны (тәулігіне 156 мың баррель) құрайды.

ҚМГ БӨ-дің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2012 жылдың алғашқы тоғыз айында 3 313 мың тоннаны (тәулігіне 91 мың баррель) құрады, бұл 2011 жылдың осындай кезеңіндегімен шамалас. CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының 2012 жылғы өндіріс жоспарлары өзгеріссіз қалады және 4,4 млн. тонна (тәулігіне 91 мың баррель) мұнайды құрайды.

2012 жылдың алғашқы тоғыз айында "Өзенмұнайгаз" АҚ және "Ембімұнайгаз" АҚ экспорттық саудаға арналған мұнай көлемі 4 637 мың тоннаны (тәулігіне 125 мың баррель) құрады, ішкі нарыққа 1 206 мың тонна (тәулігіне 32 мың баррель) жөнелтілді. CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ-дің үлесі 3 407 мың тонна мұнайды (тәулігіне 94 мың баррель) құрады, оның 2 522 мың тоннасы (тәулігіне 70 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл - компаниялардың жалпы сату көлемінің 74%-ын құрайды. Бұған дейін жария етілген өндірісті модернизациялау бағдарламасына сәйкес, Өзен кенішінде қазан айының басында алғашқы көлденең ұңғының құрылысы аяқталды. Ұңғының орташа тәуліктік дебиті 22 тоннадан артық. 2012 жылдың аяғына дейін Компания Өзен кенішінде екінші көлденең ұңғыны бұрғылауды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны