02.07.2012, 12:09 3227

Қаңтар - наурыз айларында Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 4,4 пайызға өскен

2012 жылдың 31 наурызындағы көрсеткіш бойынша, Қазақстанның сыртқы қарызы 129 294,4 миллион долларды құрап, жыл басынан бері 4,39 пайызға ұлғайған.

Алматы. 2-шілде. Kazakhstan Today - Қаңтар - наурыз айларында Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 4,4 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылдың 31 наурызындағы көрсеткіш бойынша, Қазақстанның сыртқы қарызы 129 294,4 миллион долларды құрап, жыл басынан бері 4,39 пайызға ұлғайған.

ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша, мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген сыртқы қарыз көлемі ағымдағы жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша 5660 миллион доллар болған. Ал жыл басында бұл көрсеткіш 5492,6 миллион долларды құрапты.

Айта кетейік, мемлекет кепілдендірмеген сыртқы қарыз 95,6 пайызды немесе 123634,5 миллион теңгені құраса, 2011 жылдың 31 желтоқсанындағы аталмыш көрсеткіш 95,6 пайыз болған. Сыртқы қарыздың жалпы көлеміндегі фирмааралық қарыз 48,4 пайыздан 49,1 пайызға өсіпті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны