14.11.2006, 13:38 2732

Қаңтар-қыркүйек айларында мемлекеттік бюджет түсімі жобаланған сомадан 3,1% артып, 1,47 трлн. теңге болды- қаржы министрі

АСТАНА. 14 қараша . Kazakhstan Today. 2006 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне түскен қаражат көлемі 1,74 трлн. теңгені құрады, деп мәлімдеді бүгін үкімет отырысында қаржы министрі Наталья Коржова.

"Үстіміздегі жылдың 9 айында мемлекеттік бюджет түсімі жобаланған сомадан 3,1% артып 1 трлн. 74 млрд теңге болды",-деп хабарлады Н. Коржова.

Оның айтуынша, мемлекеттік бюджеттке түскен негізгі қаражат көзі бұрынғысынша табыс салығы, кедендік төлемдер мен салықтар, ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосымша құн салығы, табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер, жеке табыс салығы болып қала бермек. 9 айдың ішінде мемлекеттік бюджетке қосымша құн салығы түсімдері 354,1 млрд теңгені құрады. "Қосымша құн салығынан түсетін қаражаттың өсуіне Қосымша құн салығы ақпараттық жүйесі аясындағы бақылаудың нәтижесінде салық әкімшілігінің жақсаруы ықпал етуде",-деді министр.

Н. Коржова, " жергілікті бюджетке трансфертсіз түскен түсімдер 102,2%" орындалған.

Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанның Ұлттық қорына 420,2 млрд.теңге , оның ішінде мұнай кәсіпорындарынан -384,6 млрд. теңге түскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны