12.08.2011, 13:40 4087

Қаңтар-шілде айларында бөлшек сауда көлемі өскен

Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылғы шілдеде 2010 жылғы шілдемен салыстырғанда тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 14,7 пайызға жоғарылады.

Алматы. 12-тамыз. Kazakhstan Today - Қаңтар-шілде айларында бөлшек сауда көлемі өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 2011 жылғы қаңтар-шілдедегі бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,4 пайызға жоғарылап, 1 928,8 млрд. теңгеге жеткен.

Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылғы шілдеде 2010 жылғы шілдемен салыстырғанда тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 14,7 пайызға жоғарылады.

2011 жылы қаңтар-шілдедегі сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2010 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 1 021,6 млрд. теңгеге жетті немесе 7,1 пайызға артты.

2011 жылғы қаңтар-шілдедегі базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,1 пайызға жоғарылады. Аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 47 пайызды құрады.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлемінен 64 пайыз). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,6 пайызға, азық-түлік тауарлар 14,5 пайызға ұлғайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны