Система Orphus

Қапшағайда қуаты 2 МВт күн электр станциясын салынады

10.10.2012, 16:13 991

Астана. 10-қазан. Kazakhstan Today - Қапшағайда қуаты 2 МВт күн электр станциясын салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Самұрық-Энерго" АҚ Қапшағайда қуаты 2 МВт күн электр станциясын салады, делінген компанияның ақпаратында.

"1 қазанда Астанада жоғары сапалы күн панельдерін шығаратын Bisol Group (Словения) компаниясының 100% еншілес компаниясы болып табылатын Bisol Central Asia Ltd (Ұлыбритания) компаниясымен жобаны жобалау, жеткізу және салу бойынша кешенді жұмыстарды сатып алу бойынша келісімге қол қойылды", - делінген сейсенбі күні таратылған баспасөз хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, станцияның құрылысы 4-5 айға жалғасады. Бүгінгі күні бұл Қазақстандағы озық технологиялар (70% фиксациялық және 30% бақылаушы жүйелер) мен аса тиімді жабдықтар (монокристалды панельдер) пайдаланылатын алғашқы жоба болады.

Жобаның мақсаты - Алматы облысының электр энергиясы мен электр қуатына өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін күн ресурстарын пайдалану; күн электр станциясындағы "жасыл" технологияларды пайдалана отырып қоршаған ортаның жағдайын жақсарту.

Құрылыс аяқталған соң күн электр станциясының операторы мен иесі "Samruk-Green Energy" ЖШС ("Самұрық-Энерго" АҚ-ының 100% еншілес ұйымы) болады.

"Самұрық-Энерго" АҚ 2007 жылдың мамырында құрылды және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ының құрылымына кіреді. Компанияның қызметіне электр және жылу энергиясын өндіру, тарату және сату, энергетикалық көмір өндіру кіреді.

"Samruk-Green Energy" ЖШС 2012 жылдың қаңтарында құрылған. ("Самұрық-Энерго"АҚ-ының 100% еншілес ұйымы болып табылады Компанияның негізгі қызметі жаңартылатын қуат көздерін пайдалану арқылы жобалар жасау және оларды жүзеге асыру.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны