Қарағанды көмір бассейнініӊ қабаттарын барлап бұрғылау кезінде метан газыныӊ бірінші ағыны алынды
Астана. 3 Қыркүйек. Kazakhstan Today - "ҚазТрансГаз" Қарағанды көмір бассейнініӊ көмір қабаттарынан метан барлаудыӊ 1-ші кезеӊіне кірісті, оныӊ шеӊберінде осы аумақтыӊ газдылығын зерттеуге және Қарағанды көмір бассейнініӊ көмір қабаттарынан метан өндірудіӊ барынша ұтымды технологияларын әзірлеуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді қолдана отырып, геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
Бүгінгі күні бірінші бұрғыланған ұӊғыма игерілуде, онда дебитті қарқындату кезінде метан газыныӊ алғашқы ағыны алынды. Барлығы 7 ұӊғыманы бұрғылау жоспарланған, 3-уі геологиялық кернді іріктеуге арналған және 4-уі тәжірибелік-өнеркәсіптік, олар бойынша бұрғылау басталып та кеткен. Бұрғылау процесінде қарқындату мен бұрғылаудыӊ әртүрлі әдістері қолданылады, оныӊ ішінде өнімді көмір қабаттарыныӊ құрылысы туралы неғұрлым толық геологиялық ақпарат алу үшін ҚР аумағында бірінші рет - 600 метрге дейін пневмосоққы беретін бұрғылау қолданылуда.
Алынған кернді зерттеу осы қызметті көрсету саласындағы көшбасшы АҚШ, ҚХР және Польша сияқты елдердіӊ сертификатталған халықаралық зертханаларында жүргізілетін болады, олармен тиісті шарттар жасалған.
Барлық геологиялық барлау жұмыстары "Қарағанды көмір бассейнініӊ Шерубай-Нұра көмірлі ауданыныӊ көмір қабаттарынан метан өндіруге арналған іздестіру жұмыстарыныӊ жобасына" сәйкес жүзеге асырылуда. Осы саладағы белгілі сарапшы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетініӊ профессоры Николай Дрижданыӊ пікірі бойынша бұрғылау процесінде көмір қабаттарыныӊ газдылығы туралы жоғары көрсеткіштер алынған және бұл жүргізіліп жатқан жұмыстардыӊ перспективті екендігін куәландырады. Оныӊ айтуы бойынша, "ҚазТрансГаз бірегей сынақтар жүргізуде, олар тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстарды кеӊейту кезінде ірі мемлекеттік тапсырысты орындауға, өнеркәсіптік газ алуға мүмкіндік береді, ол Қарағанды облысыныӊ ғана емес, сондай-ақ Астананыӊ да энергетикалық проблемаларын шешу үшін өте қажетті және әлеуметтік саланы одан әрі дамытуға, экологиялық проблемалады шешуге принципті түрде әсер етеді".
1-ші кезеӊ жұмыстарын аяқтау 2016 жылға жоспарланып отыр, олардыӊ нәтижелері бойынша газ өндірудіӊ осы бағытын дамытудыӊ перспективтілігіне қатысты техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасыныӊ пайдалы қазбалар мемлекеттік балансына қоюмен қатар Келісімшарттық аумақтыӊ көмір қабаттарынан метан қорларын есептеу орындалатын болады.
АНЫҚТАМА: Жоба Қазақстан Республикасы Президентініӊ 14.03.2014 ж. бекітілген Қарағанды көмір бассейнініӊ метанын барлау мен өндіру жөніндегі жеке тапсырмасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына (жол картасы) сәйкес іске асырылады. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін "ҚазТрансГаз" АҚ Қарағанды көмір бассейнініӊ бірнеше учаскесін қарастырды. Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша еӊ зерделенген Шерубай-Нұра учаскесі таӊдап алынған болатын. Иртүрлі бағалау бойынша Қарағанды бассейнінде 1800 м дейінгі тереӊдікте 1,0 трлн. м3-ден 4,0 трлн. м3-ге дейін газ бар.
"ҚазТрансГаз" АҚ көмір қабаттарыныӊ метанын (бұдан әрі - КҚМ) өндіру бойынша әлемдік тәжірибені зерттеуді жалғастыруда. Ағымдағы жылдыӊ ақпанында компанияныӊ қызметкерлері "Газпром добыча Кузнецк" ЖШҚ-ныӊ ("Газпром" ААҚ-ныӊ еншілес кәсіпорны) өндірістік объектілеріне барды. Нәтижесінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, онда қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылдыӊ жалпы қағидаттары айқындалған болатын. Сондай-ақ, КҚМ өндіру саласындағы жобаларды табысты іске асырып жатқан Үндістан мен Қытай компанияларыныӊ өндірістік объектілеріне де барды.
Сонымен қатар, "ҚазТрансГаз" АҚ Энергетика министрлігімен және "KazEnergy" қауымдастығымен бірлесіп, КҚМ барлау мен өндіру жөніндегі жобаларды қолдауға бағытталған заӊнамалық шараларға бастамашылық жасауда. Аталған бағыт көмірсутек шикізатын өндіру саласындағы инновациялық бағыт болып табылады, сондай-ақ болжамды қорлары оны Қазақстан Республикасыныӊ отын-энергетикалық базасыныӊ баламалы компоненті ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін дәстүрлі емес энергия тасымалдағыштардыӊ бірі болып табылады. Осы мәселені зерделеу маӊызды болып табылады және одан әрі Қазақстан Республикасыныӊ орталық және солтүстік өӊірлерін газдандыру үшін баламалы нұсқалардыӊ бірі ретінде ықпал ететін болады.