16.07.2014, 22:41 3298

Қарағанды облысы әкімі Абай ауданындағы мемлекеттік бағдарламаның орындалуын тексерді

Қарағанды облысы әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков Абай ауданына мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен жалпы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша іске асырылып жатқан жергілікті биліктің жұмысын тексере барды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Қарағанды облысы әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков Абай ауданына мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен жалпы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша іске асырылып жатқан жергілікті биліктің жұмысын тексере барды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Облыс әкімі "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша ауданда салынған Абай атындағы №5 мектеп-гимназиясын аралап, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, оқыту-тәрбиелеу жұымстарының сапасымен, ұстаз мамандармен қамтамасыз ету деңгейімен, мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің жұмысымен танысты. Икімнің айтуынша, оқу орны қазақтың ұлы ақынының атын абыроймен арқалап жүр. Ондағы 72 оқушы түрлі пән олимпиадалырының жүлдегерлері, ал 88-і ғылыми байқаулар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жүлдегерлері.

Нұрмұхамбет Ибдібеков Абай қаласында қолға алынып жатқан моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасының абаттандыру жұмыстарына ерекше тоқталды. Биыл республикалық бюджеттен осы мақсатта 90 млн теңге бөлінген.

Сонымен қатар әкім қарқынды дамып келе жатқан "Шанс" шаруа қожалығында да болды. 2012 жылы астықтың жалпы ору көлемі гектарына 7,8 центнерден 7449 тонна болса, 2013 жылы гектарына 13,9 центнерді құрап 13 305 тоннаға жеткен. Ал 2012 жылы 12 мың тонна өнім берген картоп өндірісі 2013 жылы 22600 тоннға жеткен. Өнімділік осы тұрғыда центнеріне 200-ден 301 центнерге жеткен. Шаруашылықта осымен қатар ірі қара малы, жылқы мен доңыз бар. Қазіргі таңда мұнда мың бастық жылқы фермасын құру бойынша 300 млн теңгенің инвестициялық жобасы қолға алынуда.

Облыс әкімі бұл жобаның маңыздылығына тоқтала отырып, оның жаңа жұмыс орындарын ашатынын және өндіріс көлемін 5 есеге өсіретінін айттын.

Сапар соңында өңір басшысы Абай ауданында жалпы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің жоғары екенін айтып баға берді. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерліктердің, асыл тұқымды мал шаруашылығының, бюджеттің кіріс-шығысы мен азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұрудағы олқылықтарды атап айтып, аудан әкіміне бірқатар тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны