27.04.2016, 07:12 3555

Қарағанды облысы инвесторларға жалпы құны 1,5 трлн теӊге тұратын 151 жоба ұсынады

Қарағанды облысы әкімініӊ орынбасары Инуар Ахметжановтыӊ форум қарсаӊында журналистерге хабарлағанындай, іс-шараға дайындық барысында 151 жобаны қамтитын каталог жасалған. "Біз аса ірі әрі қызғылықты 151 жобаны іріктеп алдық. Оларға қажетті инвестицияға сұраныс 1,5 трлн теӊгені құрайды. Форум қорытындысы бойынша инвесторлармен алдын-ала келісілген елеулі жобалар бойынша бірқатар меморандумға қол қою көзделіп отыр. Мәселен, Қарағанды бассейнініӊ көмір қабаттарынан метан газын өндіру жобасы. Бұл жоба бойынша біздіӊ серіктесіміз - "ҚазТрансГаз", - деді ол.

Қарағанды. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін "KaragandaInvest-2016" Халықаралық IV инвестициялық форумына қатысушыларға жалпы құны 1,5 трлн теӊге тұратын 151 жоба ұсынылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қарағанды облысы әкімініӊ орынбасары Инуар Ахметжановтыӊ форум қарсаӊында журналистерге хабарлағанындай, іс-шараға дайындық барысында 151 жобаны қамтитын каталог жасалған. "Біз аса ірі әрі қызғылықты 151 жобаны іріктеп алдық. Оларға қажетті инвестицияға сұраныс 1,5 трлн теӊгені құрайды. Форум қорытындысы бойынша инвесторлармен алдын-ала келісілген елеулі жобалар бойынша бірқатар меморандумға қол қою көзделіп отыр. Мәселен, Қарағанды бассейнініӊ көмір қабаттарынан метан газын өндіру жобасы. Бұл жоба бойынша біздіӊ серіктесіміз - "ҚазТрансГаз", - деді ол.

Өӊір әкімі орынбасарыныӊ түсіндіруінше, өткен жылы аса ауқымды зерттеу жұмыстарыныӊ кешені жүргізілген, оныӊ барысында 4 тәжірибелік ұӊғы (еӊ тереӊі 800 метр) мен үш барлау ұӊғысы бұрғыланған. Іріктеп алынған керн Қытай, Польша және АҚШ зертханаларына талдауға жолданған. "Қазір зерттеу нәтижелерін тосып отырмыз. Нәтиже алынғаннан кейін қор көлемі есептеліп, мемлекеттік комиссияныӊ балансына алынады. Бұдан кейін Техникалық-экономикалық негіздемесі жасалады", - деді Ахметжанов.

Оныӊ айтуынша, жобаныӊ мақсаты газ алуға саяды. "Қор аса ауқымды", - деп атап көрсетті әкімніӊ орынбасары.

Өз кезегінде "Сарыарқа" ИКК басқармасы төрағасыныӊ орынбасары Сергей Касимов нақтылап өткендей, 8 ұӊғы бойынша барлау жұмыстарына компания 1 млрд теӊге жұмсап үлгерген.

"Метан газын мемлекеттен субсидия бөлінетін көмір және газ секілді негізгі пайдалы қазбалардыӊ тізбесіне қамту принциптік мәселеге айналып отыр. Изірге оған қол жеткен жоқ. Сенат комиссиясында депутат Ершовтыӊ бастамасы бойынша метанды мемлекеттік субсидиялау аясына қамтылатын пайдалы қазба ретінде жер қойнауы туралы заӊға енгізу мәселесі қарастырылды. Ондай жағдайда "ҚазТрансГаз" осы жобаны жүзеге асыруға мемлекеттік қаржыға қол жеткізеді. Ал метан қоры аса ауқымды", - деп атап өткен ол барлау жұмыстарын биыл аяқтау көзделіп отырғанын айтты.

Бұған қоса, алдағы форум тақырыбына тоқталған Инуар Ахметжанов шағын және орта бизнесті дамыту бойынша бірқатар меморандумға қол қоюға дайындық барын жеткізді. "Нақты жобалар үшін кредит қаржысын банктер тікелей беруді жоспарлап отырған келісімдерге қол қоюға ниетіміз бар", - деді ол.

Оныӊ айтуынша, жобалардыӊ арасында, мысалы, Атасу кентінде автобекет салу секілді аудандық ауқымдағы шағын жобалар да бар. "Құны небәрі 40 млн теӊгені құрайтын аса шағын жоба. Дейтұрғанмен, аудан орталығы мен қала арасында белгілі бір жолаушылар ағыны бола тұра, автобекет жоқтықтан сұраныс бар жоба. Мұндай автобекетті мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі жүйесі бойынша салуды ұсынып отырмыз", - деді әкімніӊ орынбасары.

Ол ірі жобалардыӊ қатарында миллиардтаған инвестицияны талап ететін металлургиялық зауыт салу жобасын атады.

"Бағдарламаға қамтылған бөлімдер бойынша біз Қарағанды облысы экономикасыныӊ арқау негізін жер қойнауын пайдалану мен энергетика құрайтынын түсіндік. Жер қойнауымыз бай болғандықтан, осы саланы дамытуға, осында инвесторларды тартуға талпынамыз және шикізатты технологияға айырбастау деген жалпыға ортақ принцип бойынша әрекет ететін боламыз. Яғни, шикізат базасы бар, бірақ оны дұрыс игеру қажет, демек, сапалы технологиялар, инвестициялар мен халықаралық тәжірибені тарту қажет деген сөз. Біз облыста осындай бірнеше жобаны жүзеге асырдық. Жылдыӊ бірінше жартысында аса ірі жобаны іске асыруды жоспарладық, бұл - Қарқаралы ауданында жаӊа тау-кен байыту комбинатын салу. Онда Қазақстанда патенттелген технология, ірі жүк көліктерін пайдаланбай, толықтай конвейерлік игеру тәсілі қолданылады", - деді Ахметжанов.

Инвестиция тартудыӊ екінші бағыты - энергетика. Форумда "жасыл" энергетика саласындағы 5 жоба ұсынылмақшы.

"Мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі бойынша түрлі әлеуметтік нысандар, оныӊ ішінде балабақшалар секілді ауқымды жобалар топтамасы да бар. Балабақшаларға деген сұраныс жоғары, сол себепті инвесторларға осы бағытқа қаржы салуды ұсынып отырмыз", - деді әкімніӊ орынбасары.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, ауылшаруашылығы саласында да ауқымды жобалар ұсынылады, форумныӊ жеке бір бөлімі агроөнеркәсіптік кешенге арналған. Ахметжанов атап өткендей, "бұл саладағы әлеует те барынша ауқымды".

Дағдарыстыӊ облыс экономикасына әсеріне тоқталған әкімніӊ орынбасары облыстыӊ негізгі экспорттық өнімі - металл бағасы бірнеше жылдан бері төмендей түскенін атап өтті. Соған қарамастан, соӊғы үш жылда облыс оӊ экономикалық нәтиже көрсетіп отыр. "Бұрнағы жылғы экономикалық өсім - 6,8%, арғы жылғы өсім - 3,7%, өткен жылғы өсім - 2,1%-ды құрады. Ал биылғы жылдыӊ үш айындағы өнеркәсіптіӊ өсімі - 3,1% болды. Нарық аясы тарыла түскендіктен, қиындық бары рас. Дегенмен, кәсіпкер өз өнімініӊ сапасын арттыруға, жаӊа нарықты игеруге талпынса, өнімніӊ өзіндік құнын төмендету үшін ішкі резервтерді таба білсе, ондай кәсіпкердіӊ жағдайы жаман емес", - деді ол.

Сондай-ақ, Ахметжановтыӊ хабарлауынша, облыста Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жақсы көрсеткіштер байқалған. "Қарағанды облысында Шағын және орта бизнес жыл сайын 695 млрд теӊгеніӊ өнімін өндіреді. Шағын және орта бизнестіӊ белсенді әрекет етуші субъектілерініӊ саны - 86 мыӊ, былтырғы өсім 2014 жылғымен салыстырғанда 4% болды. Статистикаға сәйкес, Шағын және орта бизнес саласында жұмысқа тартылғандар саны 233 мыӊ адамды құраған. Бұл экономикалық белсенді тұрғындардыӊ 30%-ына теӊ. Бұл - аса маӊызды дерек. Осындай ағымды сақтап қалу үшін инвестиция тарту қажет", - деді ол.

Ахметжанов арнаулы экономикалық аймақтыӊ жұмысына да бөлек тоқталып өтті. "Арнаулы экономикалық аймақ ҚР президентініӊ жарлығына сәйкес барлық преференциялармен құрылған. Ол шамамен 500 гектар аумақты алып жатыр, оныӊ ішінде 200 гектарын инфрақұрылым мен әкімшілік корпус иеленеді. Сонда 300 гектар қалады. Бүгінгі күні онда екі неміс, бір оӊтүстік кореялық жоба әрекет етуде. Таяуда жарықтандыру аспаптарын өндіретін зауыттыӊ құрал-жабдақтарын құрастырып іске қосу жұмыстары аяқталды. Металлургия өндірісіне арналған отқа төзімді кірпіш және отқа төзімді саз-балшық секілді материалдар өндіретін зауыттыӊ құрылысы жүргізіліп жатыр. Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып отандық оқ-дәрі өндіретін зауыттыӊ тұсаукесері жуырда өтті. Бұған қоса Арнаулы экономикалық аймақ аумағына "Тау Кен Темір", яғни, бұрынғы "Силициум Қазақстан" зауыты енгізілген, - деді ол.

Сонымен қатар әкімніӊ орынбасары "KaragandaInvest-2016" форумына қатысуға 800-ге жуық адамныӊ тіркелгенін хабарлады. Олардыӊ арасында Қытайдан аса ауқымды өкілдер тобы бар. Сондай-ақ, Түркия, Ресей, Италия, Польша, Испания, Иран және Германиядан кәсіпкерлер келген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны